Балалар арасында қант диабеті мен семіздік көбейген. Осылай деген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова тәтті сусындарға қосымша салық салу қажет дейді. Сонымен қатар ата-аналарға олардың зияны туралы көбірек ақпарат беруді жолға қоймақ. Өйткені қазір балалар тәтті сусындарға тым әуес болып алған.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
Зерттеуде көрсеткендей, елімізде семіздік, қант диабетінің өсімі бар. Балалар арасында жиі байқалады. Артық салмақтың өзі қауіпті созылмалы аурулардың алғашқы белгілері десек те болады. 0,5 литр тәтті сусынның құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар.
Самал Қабышева