«Екібастұз қалалық су арнасы» мекемесіндегі ақау шыққан магистраль жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Екібастұз қалалық су арнасы» мекемесіндегі ақау шыққан магистраль жөнделіп жатыр

22.02.2024

«Екібастұз қалалық су арнасы» мекемесіне қарасты магистральдегі ақау әлі жөнделіп біткен жоқ. Богатырь-Көмір кенішіне су беру тоқтатылған. 10 мың тұрғыны бар Майқайың кентіндегі резервуарға су арнайы көліктермен тасымалданады. Үнемделіп беріліп жатыр. Ақау шыққан учаске «Екібастұз қалалық су арнасы» кәсіпорнының екінші көтергіш сорғысы аумағында. Шамамен ірі диаметрлі құбырдың 600 метрдей аумағы үш жерден қатып қалған. Қазір 90-нан аса адам мен 40-қа тарта арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылған. 

Бірақ бүгін күні бойы БАҚ өкілдеріне жауапты мекемелер тарапынан ешқандай ресми мәлімет берілмеді.


Хабарламаларға жазылу