Өзбекстанда Қытай көліктерінің импорты артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда Қытай көліктерінің импорты артқан

23.02.2024

Өзбекстанда қытайлық көліктердің импорты 5,2 есе артқан. Былтыр мұнда шет мемлекеттерден 73 мыңнан астам жеңіл автокөлік жеткізілген. Олардың жалпы құны 1,8 млрд доллар.

Статистика агенттігінің дерегінше, көлік тасымалы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өсті. Елге жеткізілген машиналардың басым бөлігі Қытайда шығарылған. Яғни Өзбекстанға импортталған темір тұлпарлардың 80 пайызға жуығы осы елден әкелінген. Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия мен Жапониядан әкелінетін көліктердің де саны артқан. Ал 2021-22 жылдары Өзбекстанға көлік экспорттаушы елдердің үздік бестігінде болған Қазақстан мен Ресейдің былтырғы үлесі біршама азайған.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу