ЕуроОдақтың халықты жұмыспен қамту және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанмен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ. Орталық өкілдері еліміздің Бельгиядағы елшілігінде соңғы екі жылда Қазақстанда атқарған жобаларын көпшілікке таныстырды. Socieux+ мамандары Алматы мен Астанадағы үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобаларды мониторинг жасау, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша кеңес берген. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды патронаттық тәрбиелеу жүйесін құруға қатысты тәжірибесімен бөліскен.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
Біз экономикалық, инвестициялық жобалардан бөлек, азаматтарымыздың құқын қорғап, әлеуетін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы зор жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Осы тәжірибемізбен Орталық Азия елдерімен, аймақтағы басқа да көршілерімізбен бөлісіп жатырмыз.
Маржена Бреза, «Socieux+» орталығының әлеуметтік қорғау жөніндегі техникалық кеңесшісі:
Қазақстан балалар үйлерінің санын азайтуды көздеп отыр. Ол үшін балаларды асырап алатын кәсіби отбасылар жүйесін құрмақ.Біз осы бағытта және мүгедектер, қоғамның әлжуаз топтарын ортаға бейімдеуге қатысты мониторинг, бағалау жасап, өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.
Нұрсұлу Қасым