Ақтөбеде мұғалім мен екі оқушының өліміне себепкер болған көлік жүргізушісіне қатысты сот басталды.
Оқиға былтыр желтоқсан айында, Ырғыз ауданында болған еді. Жаныс би ауылынан шыққан «Toyota Alpard» көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігін соққан. Үш адам сол жерде қайтыс болды. Көлік жүргізушісі де Жаныс би ауылындағы мектепте қызмет істеген. Қайтыс болған қыз бала – оның қарындасы. Екінші оқушы да ауылдың мақтанышы, «Алтын белгіден» үміткер болған.