Маңғыстауда 36 адам астан уланды. Оқиға Бейнеу ауданында болды. Зардап шеккен тұрғындардың «Али-ман» дәмханасында кешкі ас ішкені анықталды. Олар көп ұзамай өздерін жайсыз сезініп, орталық ауруханаға жеткізілген. Инфекциялық бөлімшеге 28 адам жатқызылды. Олардың арасында балалар мен аяғы ауыр әйел бар. Ал қалған 8 тұрғын емді үйде жалғастырмақ.
Осы оқиғадан кейін аталған дәмхана жұмысын уақытша тоқтатты. Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мамандары, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша тексеруді бастады.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында 36 адам астан уланып, ауруханаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/189722/)