Астанада жүріп бара жатқан автобустан құлаған жолаушы үшін, қоғамдық көлік жүргізушісі жазаланды. Мұны қалалық полиция департаменті хабарлады. Келеңсіздік автобустағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Таспа әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. №20-шы бағыттағы адам толы автобусқа аялдамада жолаушылар кіріп, есік жабылады. Алайда қоғамдық көлік қозғала бастағанда есік қайта ашылып, шетте тұрған әйел адам құлап кетті. Автобус жүргізушісі тоқтаған жоқ. Полиция департаментінің мәліметінше, құлап кеткен әйел адам аман. Жолаушы тасымалына жауапты компания өкілдері жәбірленуші әйел адам полицияға арызданған. «Автобус жүргізушісі қаржылай көмек көрсеткеннен кейін, ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы жазбаша қолхат берді»,- деп отыр. Желі қолданушылары жүргізушінің әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.
Нұрсұлтан Тілектес