Елімізде бірінші сыныпқа қабылданатындар емтихан тапсырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бірінші сыныпқа қабылданатындар емтихан тапсырмайды

26.02.2024

Оқушыларға сабақ үстінде смортфон ұстауға тайым салынды. Жуырда Заң қабылданды. Енді тағы бір жаңашылдық енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап гимназия мен лицейдің бірінші сыныбына баратын балалар емтихан тапсырмайды. Оқу және ағарту министрлігінің пікірінше бұл ереже оқушыларға сапалы білім алуға теңдей мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-аналар да тестілеуге қарсылық білдірген. Себебі ол балалардың психологиясына әсер етеді дейді олар.

Қаныбек Жұмашев, ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы:

 Тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психо-эмоцианалды жағдайын нашарлату және денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу