Отбасыда жанжал шығаратындарға курстан өту ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасыда жанжал шығаратындарға курстан өту ұсынылады

26.02.2024

Отбасыда жанжал шығаратындарға өз еркімен психокоррекциялық курстардан өту ұсынылады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, былтыр тұрмыстық жанжал туралы 99 мың хабарлама түскен. 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану қаупін анықтау үшін өткен жылдың тамыз айынан бастап 18,5 мыңнан астам жанұяға арнайы сауалнама жүргізген. Нәтижесінде 884 отбасыда құқық бұзушылықты қайта жасау қаупі жоғары екені анықталған. Жанжалдардың негізгі себебі – маскүнемдік,- деді ведомство өкілі. Осыған байланысты соттар құқық бұзушыларға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салуға байланысты 15 мың ерекше талап қойды. Тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды қатаң бақылауда ұстайды.

Шыңғыс Әлекешев. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

Жалпы сот шешімі бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін барлығы 2 770 агрессор және мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды орындамағаны үшін 5 926 құқық бұзушы қамауға алынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты қалыптасады.


Хабарламаларға жазылу