Жолаушыны құлатып кеткен жүргізуші жұмысында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушыны құлатып кеткен жүргізуші жұмысында қалды

26.02.2024

Астанада жүріп бара жатқан автобустан жолаушының құлауына себепкер болған жүргізуші айыппұл төлеп жұмысында қалды. Көліктік бақылау департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдайға техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Бір қызығы жүргізуші әйел адамның құлап кеткенін көрмей қалған. Қазір бұл жағдай қоғамның қызу талқысына түскен. Халық жүргізушілердің мәдениетін арттырып, ереже бұзғандарды қатаң жазалау керек деп есептейді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Келеңсіз оқиға дәл осы аялдаманың маңында болған. Лық толы автобусқа мінбек болған әйел адам құлап, дөңгелектің астына түсіп жазым бола жаздады.

Қ.Сәтпаев көшесімен жүретін нөмірі 20-шы бағыттағы қоғамдық көлікке асығып-үсігіп мінген әйел адам есік жабылған сәтте оған сүйене кетеді. Араға көп салмай есік қайта ашылып, жолаушы құлап кетеді. Біз қызығы жүргізуші бұл жағдайға мән бермей әрі қарай жүріп кетеді. Көріп тұрған жолаушылар да, көмек қолын созуға тырыспаған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына жазылып, желіге тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырды.

Мұндай жағдай елордада алғаш тіркеліп отыр деген Көліктік бақылау департаментнің басшлығы сол күні автобуста техникалық ақаулар орын алған болуы мүмкін дейді. Өйткені әйелдің құлап кеткенін жүргізуші арада 3 күн өткен соң ғана білген.

Райымбек Қабиболла, Көліктік бақылау департаменті директорының орынбасары:

Жол оқиғасы болғаннан кейін келесі күні жолаушы барып арыз жазады. Сол күні полиция бөлімі бізге автобус паркіне байланысқа шығып, жүргізушіні шақырады. Жүргізуші 3 күн өткеннен кейін біледі. Сол жерде жүргізушіге әкімшілік құқықбұзушылық бабының 593 бабына сәйкес жолаушылар мен жүкті тасымалдау бұзу бойынша айыппұл салады.

56 жастағы жүргізуші 5 АЕК айыппұл төлеп, қазір жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиға 25 қаңтар күні болған. Ал желіге күні кеше тарады.

Жалпы елордалықтардың автобус жүргізушілеріне көңілі толыңқырамайды. Мысалы, өткен жылы жолаушылардан жүргізушілерге қатысты 17 мыңнан астам түрлі арыз шағым келіп түскен. Оның басым бөілігі жүргізуші дөрекелік танытқаны үшін, жолаушыларды дұрыс міндіріп-түсірмеу, аялдамадан өтіп кету және автобустың жағдайы мен тазалығына қатысты. Ал жолаушылар тасымалына жауапты департамент Астанада күніне 1000-нан астам автобус 700 мыңға жуық жолаушы тасмалдайды. Сондықтан пайызға шаққанда бұл өте аз көрсеткіш дейді. Десе де, бұдан былай жүргізушілердің мәдениеті мен кәсіби этикасына көбірек көңіл бөлеміз деп сендірді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу