Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке іліккен бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Қоғамда қызу талқыға түскен істі судья Айжан Құлбаева жүргізетіні белгілі болды.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен, яғни «Азаптау» және «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» баптарымен іс қозғалған.
Дәл осы іс бойынша тағы бір фигурант бар. Ол – «Гастроцентр» орталығының директоры, әрі экс-министрдің бауыры. Оған қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы «қатігездікпен өлтірді» деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болған.