Уақыт белдеуінің ауысуы: әуе рейстері мен пойыздардың кестесі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уақыт белдеуінің ауысуы: әуе рейстері мен пойыздардың кестесі өзгереді

27.02.2024

1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады. Яғни еліміздің барлық өңірінде уақыт теңеседі. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл халықтың өмір сүру салтына оң ықпалын тигізеді. Ал жүріп тұруына ше?. Әуерейстері мен пойыздардың журу кестесі өзгере ме? Жаңашылдық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен онлайн порталдардың жұмысына қалай әсер етеді? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтап көрді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Сарапшылар еліміздің біршама өңірі соңғы 100 жыл бойы өзінің табиғи уақытан бір сағат ерте келе жатқанын айтады. 1930 жылы 16 маусымда Кеңес Одағының барлық елдерінде уақыт 1 сағат ілгері жылжытылған. Ондағы мақсат, табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу болған.
Ғасырға жуық сақталып келген осы ереже, екі күнне кейін өзгереді. Яғни, 1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады. Бұл дегеніміз ел аумағындағы барлық өңірде уақыт теңеседі. Дегенмен бірқатар өзгерістерге дайын болған жөн. Мәселен, жұмыс пен қоса қоғамдық көлік, сондай-ақ пойыздардың жүру кестесі өзгереді.

Сара Сахынбек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі:

Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Бұл билеттерде де ескерілген. Ең бастысы – жолаушылар өздерінің сағаттарын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруы керек. 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні билет сатып алған жолаушыларға пойыздардың жөнелту уақытындағы өзгерістер туралы СМС-хабарламалар жөнелтіледі.
Қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми парақшаларынан алуға болады. Айта кету керек, әуе рейстерінің де ұшу-қону уақыты өзгереді.

Тойгүл Жұбанисова, Астана халықаралық әуежайы PR қызметінің басшысы:

Көп рейстің басым бөлігі бір сағат артқа жылжыйды. Өз рейсінен қалып қоймау үшін жолаушылар әуе компанияларға хабарласып, нақты уақытын білуі керек. 02:29 Бұрын біз әуежайға 1-2 сағат ерте келуін сұрайтын болсақ, алғашқы күндері әуежайға 2-3 сағат ерте келулерін сұраймыз. Себебі ақпараттық хабарламаны немесе өздеріне келген смс-терге назар аудармайтын жолаушылар бар
Ал көпшіліктің ауырын жеңілдетіп отырған мемлекеттік қызметті онлайн ұсынатын «eGov» порталы 29 ақпан күні сағат кешкі 22:00-ден 1 ақпан сағат таңғы түнгі 02:00-ге дейін жұмысын тоқтатады. Техникалық үзісі порталды уақыт белдеуіне бейімдеу үшін қажет. Уақыттың өзгеретінен халықтың хабар бар. Олар мұны тиімді деп санайды.

UTC+6, 6-шы сағат аумағындағы тұрғындар өзінің географиялық уақытынан шамамен 1 cағат 20 минуттай алда өмір сүреді. Бұл биологиялық ритмнің бұзылып, созылмалы аурулардың пайда болуына себеп болады екен. Сондықтан уақыт белдеуінің ауысуы халықтың өмір сүру салтына оң ықпалын тигізеді.

Мамандар әлемнің 175 елі бірыңғай уақыт белдеуімен өмір сүретінін айтады. Яғни, алаңдауға негіз жоқ. Қазір мұндай тәжірибені көршілес мемлекеттер де қолданып жатыр. Соның бірі - Қытай. Қысқасы, уақыт белдеуінің өзгерісіне бейімделу үшін әр азамат күн тәртібін дұрыс жоспарлай алса жеткілікті.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу