Шығармашылық ұжым өзінің ең алғашқы хабарын 1991 жылы 1 ақпанда эфирге шығарды. Тәулігіне 17 сағат хабар таратады.
Телеарна облыстың 97 пайызын қамтып отыр. Сонымен қатар, «Отау ТВ» суптниктік желісі арқылы еліміздің барлық өңірлері мен шетелде де көрсетіледі.
Бүгін мерейтойға орай салтанатты шара ұйымдастырылып, арнаның ардагерлері мен үздік қызметкерлері марапатталды. Телеарна ғимаратында «Облыс журналистикасы» атты музей ашылды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК