Криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис бұғатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис бұғатталды

28.02.2024

Криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталды. 49 заңсыз майнер әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Дмитрий Малахов Президентке аталған іске қатысты тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. Мәліметке сәйкес, террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1 мың 2 жүз әрекет анықталып, оларға шектеу қойылды. Төраға алдағы уақытта заңсыз шығарылған активтерді қайтару және «көлеңкелі» экономикадағы қылмыстардың жолын кесу жұмыстарына аса мән беретінін мәлімдеді. Президент те адал бизнесті қорғау шараларын күшейтіп, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу