Алматыда индустриялық құрылысты дамытудың жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда индустриялық құрылысты дамытудың жолдары талқыланды

29.02.2024

Алматыда индустриялық құрылысты дамытудың жолдары талқыланды. Халықаралық форумға Германия, Италия, Қазақстан, Корея, АҚШ, Түркия және басқа да елдердің білікті мамандары мен сарапшылары қатысты. Шараға жиналғандар өнеркәсіптік және коммерциялық ғимараттар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қолданылатын құрылыс материалдарының сапасы мен сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды тақырыптарда пікір алмасты.

Ералы Шоқпаров, «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ Өндіріс жөніндегі атқарушы директоры:

Шымкент қаласында 7-8 балл, Алматы қаласында 9-10 балл. Сол құрылыс алаңының сейсмикалық аймағына байланысты арнайы жоба жасалынады. Бұл жобада бетонның тығыздығы, арматураның диаметрі сол баллға қарай есептелінеді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу