«Отау» ипотекалық бағдарламасына 9-20-19 жүйесімен өтініш қабылдана бастады. Өтініштер «Отбасы банк» арқылы қабылданады. Оған 18 бен 63 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Оларға қойылатын талап «Отбасы банкте» 1 млн теңге көлемінде депозиті болуы керек.
Сондай-ақ соңғы 5 жылда өзінің және туыстарының атында үй болмаған болуы міндетті. Егер баспананы Астана мен Алматы қалаларынан алатын болсаңыз осы қалаларда тіркелген болуыңыз міндетті. Өтініш 30 сәуірге дейін жалғасады.
Нұрсұлтан Тілектес