Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды

01.03.2024

Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, халықтың қолма-қол ақшаға сұранысы артқан. Мәселен қаңтар айында алматылықтар 534 млрд теңгені картасынан шығарып, қолында ұстаса, екінші орында астаналықтар. Үштікті қорытындылап тұрған шымкенттіктердің де үлесі бар.

Ал қолма-қол ақшаның ең аз көлемі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген. Яғни, мұндағылар әлі де қаражаттарын банк карталарында ұстағанды жөн көреді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу