Бірыңғай уақыт белдеуі: Электронды құжаттағы техникалық қателіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірыңғай уақыт белдеуі: Электронды құжаттағы техникалық қателіктер

01.03.2024

Еліміз біріңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтардың электронды құжатында туған күні өзгеріп кеткен. «Еgov» сайты мен қолданбасында, сондай-ақ белгілі банктердің бірінде «Цифрлық құжаттар» бөлімінде азаматтардың туған датасы бір күнге артқа шегерілген. Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкент пен тағы 12 облыста байқалып отыр. Тіпті кейбіреулерде жүргізуші куәлігінде туған күні өзгеріп кеткен.

«Еgov» қызметінің мәліметінше «Құжаттарды жаңарту» батырмасы арқылы олқылықты түзетуге болады. Бұған қоса қолтаңбаңызды жаңарту қажет. Еске саламыз, бұған дейін онлайн порталдың 29 ақпан мен 1 наурызға қараған түні жұмысы уақытша тоқтайтыны туралы айтылған еді

Ростислав Коняшкин, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

Біз 11 мың виртуалды серверді жаңарттық. Онда 64 ақпараттық жүйе бар. Қазір жүйе штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Қазақстандықтардың электронды құжатындағы ақпараттың өзгеріп кету жағдайы тіркелді. Қазір олқылықты түзетуге тырысып жатырмыз. Жуық арада барлығы қалпына келеді. Азаматтардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу