Біріңғай уақыт белдеуі: Қазақстандықтардың электронды құжаттарында туған күні өзгеріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріңғай уақыт белдеуі: Қазақстандықтардың электронды құжаттарында туған күні өзгеріп кетті

01.03.2024

Бүгін еліміз біріңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтардың электронды құжатында туған күні өзгеріп кеткен. Мәселен, «Еgov» сайты мен қосымшасында, сондай-ақ банктердің біріндегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде азаматтардың электронды құжатында туған датасы бір күнге артқа шегерілген. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар бір күнге қартайып кеттік деп жаппай шағымдана бастады. Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы істің мән-жайын анықтап, қате түзетіліп жатқанын айтты.

Ростислав Коняшкин, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

Біз 11 мың вертуалды серверді жаңарттық. Онда 64 ақпараттық жүйе бар. Қазір жүйе шаттатық режимді жұмыс істеп тұр. Қазақстандықтардың электронды құжатындағы ақпараттың өзгеріп кету жағдайы тіркелді. Қазір олқылықты түзетуге тырысып жатырмыз. Жуық арада барлығы қалпына келеді. Азаматтардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Сағаттың артқа шегерілуін тұрғындар арасында түсінбегендер де болды. Тіпті кейбір оқукшылар мектепке бұрынғы уақытпен бір сағат ерте барып алған.

Ал жұмысқа күндегіден бір сағат кеш барған қазақстандықтар бірі ұйқымыз қанды деп қуанса, кейбірі жаңа уақытқа әлі үйренбегенін айтады.


Хабарламаларға жазылу