Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтарын алу ережелері өзгертілді. Енді қаржыға түпкілікті есеп айырысуға, ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна төлеуге, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға бағыттауға болады. Сонымен қатар, мақсатты жинақтарды толықтыру үшін жақын туыстары мен жұбайларының салымдарын бөлу мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен үйді жұбайынан немесе жақын туыстарынан сатып алуға жол берілмейтінін ескерген жөн.
Тарқатып айтсақ, алынған ипотекалық берешекті ішінара немесе толық өтеуге болады. Сондай-ақ, Ислам банкі арқылы үй сатып алуға және қарызды ішінара немесе толық өтеуге мүмкіндік бар. Тұрғын үй құрылысы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу және сату шеңберінде, бұдан бөлек тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша төлемдер қарастырылған. Жеке тұрғын үй құрылысына да қаржыны пайдалануға рұқсат бар.
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған ипотекалық несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- ислам банкінің қаржыландыру бөлігі ретінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу операциясын қаржыландыру бөлігі ретінде қарызды ішінара немесе толық өтеу;
- тұрғын үй құрылысы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша төлемдер;
- жеке тұрғын үй құрылысы (белгіленген нысаналы жер учаскесі болған жағдайда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық.