Биыл Маңғыстауға қоқиқаздар ерте оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Маңғыстауға қоқиқаздар ерте оралды

04.03.2024

Биыл Маңғыстауға қоқиқаздар ерте оралды. Әдетте бұл құс наурыз айының басында келетін. Мамандар бұған қарап күн ерте жылиды деп болжап отыр. Жалпы дүниежүзінде қоқиқаздың 8 түрі болса, оның екеуі елімізде мекендейді. Маңғыстаудағы Қаракөлге қызғылт түрі күзде және көктемде келеді. Өйткені бұл кезде көлдің суы жылы, қорек те жеткілікті болады. Олар мұнда 2 ай тыныстап, солтүстік бағытқа ұшып кетеді.


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу