Алматылық дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан операцияны тоқтатпады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан операцияны тоқтатпады

04.03.2024

Алматы дәрігерлері жер сілкінісі кезінде күрделі операция жасады. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары қауіпке қарамастан, өз міндетін жалғастырған. Медицина қызметкерлерінің бұл әрекетін әріптестері видеоға түсіріп алған.

Дәл осы видео дағы операцияда дәрігер Алексей Колесников та болған. Айтуынша, науқасты осы отаға бір апта дайындаған. Өте күрделі өткенін айтады. Анестезия енгізіп, жұмысты бастағанда ғимарат тербеле бастаған.

Алексей Колесников, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

Біз мұндай кезде үрейге бой алдырмауға тырысамыз. Себебі, әрбір артық әрекетіміз науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан зілзала кезінде бәріміз бір ауыздан шешім қабылдап, операцияны жалғастыра бердік.

Қауіпке қарамастан дәрігерлер операция сәтті аяқтап шыққан. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Ауруханада жатқан әр өңірден келген науқастар мұндай жағдайды алғаш көргенін айтады. Алғашында үрейге бой алдырғанымен, дәрігерлер көмек көрсетті дейді.

Зілзала салдарынан қала бойынша тобығын сындырып алған бір ғана адам медициналық көмекке жүгінген. Басқа да зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Бұл орталықта күніне жылына 3 мыңнан аса өте күрделі операция жасалады. Былтыр 2023 жылы 8 мыңнан иаса науқас емделіп шыққан. Дәрігерлердің сөзінше. Қандай төтенше жағдай болмасын, науқастардың жағдай бірінші кезекте дейді. 


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу