Шымкентте балабақша меңгерушілері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте балабақша меңгерушілері сотталды

05.03.2024

Шымкентте балабақша меңгерушілері істі болды. Олар балабақшаға келмеген бүлдіршін үшін бюджеттен 30 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған. Яғни, жоқ балаларға қағаз жүзінде құжат толтырып, мемлекеттен ақша алған. Прокурорлық тексеріс кезінде мұндай қылмыстық жәйт 4 балабақшада анықталды.

Меңгерушілердің кінәсі сотта дәлелденіп, олардың алды үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың өмір бойына мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу