Парламент Сенаты жергілікті мәслихат депутаттармен тығыз жұмыс істей бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сенат Спикері елдегі реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді.
Сондай-ақ Қазақстанның Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы туралы баяндады. Кездесу соңында Президент елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қолдаудың рөлі зор екенін атап өтті.
Оңғар Алпысбай