Құрамында қанты көп сусындарға қосымша салық құнын көтеру мәселесіне қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. Бұған қатысты Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пікір білдірді. Мәселе Денсаулық сақтау министрлігімен жан-жақты талқыланған.
Жауаптылардың айтуынша, энергетикалық және газдалған сусындардың кесірінен елімізде қант диабетімен ауыратын науқастардың саны күрт өскен. Ведомство басшысы талқылаудың әлі де жалғасатынын және өзгерістің экономикаға қалай әсер ететінін қарастырамыз деді.
Жандос Темірғали