Көмір саудасында делдалдар азайып келеді. Оған саланы биржаға өткізу арқылы қол жеткізілген. ((ксм)) Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осылай хабарлады. Қазір халық көмірді заңды өңірлік операторлардан сатып алады. Ал оларға тікелей өндірушілерден жеткізіледі.
Бұған дейін кей өндірушілер көмірдің 97 пайызын делдалдарға сатқан. Алып-сатарлар бағаны 40-45 пайызға қымбаттатып, көмір тұйықтарына жеткізген. Жаңа талап бойынша өндірушілер көмірінің кемі 10 пайызын, әйтпесе тең жартысын биржаға шығаруы тиіс. Болашақта оны 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Оңғар Алпысбай