Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

07.03.2024

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлға ведомстволық бағынысты ұйымнан спортшыларға оқу-жаттығу жиындарынан өтуге бөлінген қаражаттан 1 миллион 200 мың теңгені заңсыз жолмен иемденген болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу