540 мыңға жуық қазақстандық көлік салығын төлеуден жалтарып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

540 мыңға жуық қазақстандық көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

07.03.2024

540 мыңға жуық қазақстандық көлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардың жалпы қарызы 14,9 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Төлем жасамағандардың көбі Алматы, Астана қалалары мен Алматы облысынан. Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Уақытылы төлемегендерге алдымен ескерту беріледі. Артынша 3450 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу