Ақпанда мұхит суы рекордтық деңгейге дейін жылыған. Мұны Еуропа одағының Коперник атындағы Климаттық өзгеріс қызметі хабарлады. Оның дерегінше, былтыр тамызда теңізде сынап бағанасы +20,98 градусты көрсетсе, өткен айда 21 градустан жоғарылаған.
Ғалымдардың айтуынша, мұның бәріне адамның әрекетінен жаһандық температураның мөлшерден тыс ысуы мен Тынық мұхиттан атмосфераға жылы бу көтеріп жатқан «Ел-Нино» құбылысы себеп.
Арыстан Рысбек