Қостанай облысында субсидия қаржысын жымқырғандарға қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында субсидия қаржысын жымқырғандарға қатысты тергеу аяқталды

07.03.2024

Қостанайда агроөнеркәсіпті өркендетуге бөлінген субсидия қаржысын миллиардтап жымқырған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Жемқорлық бабымен күдікке іліккендердің әрекеті былтыр жазда әшкерелніп, бірнешеуі қамауға алынған еді. Қылмыстық схеманы ет өңдеу кәсіпорнының басшысы ұйымдастырған. Күдіктілер жоқ малды етке өткізгені жайлы жалған құжат дайындап, оған берілетін субсидия қаржысын өзара бөлісіп отырған.

Осылайша мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірген. Жалпы бұл қылмысқа 49 адам тартылыпты. Олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшесі деп танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 107 млн теңге өндіріліп, 3,1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды.  

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу