Елордада мереке алдындағы қарбалас басталды. Гүл сататын дүкендер дамылсыз тапсырыс қабылдап жатыр. Ер-азаматтар жақындарын қуантуға асықса, әйелдер қауымының құшағы гүлге толып жатыр.
Аяулы аналар, құрметті арулар, сіздерді осынау шуақты мерекемен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз тек жылулыққа толы болғай! Құрметтейміз және жақсы көреміз!