Абай облысында жер сілкінді. Эпицентрі Ақсуат ауданының Ойшілік ауылынан - 100 шақырым жерде орналасқан. Қытаймен шекаралас аймақта жер сілкінісі таңғы 7:23 шамасында болған.
Сейсмологиялық орталық оның қуаттылығы 4,2 балл деп тіркеді. Жер асты дүмпуі еліміздің өзге өңірлерінде сезілмеген. Мамандар жер сілкінісі салдарынан ешқандай зиян келмегенін мәлімдеді.
Ержан Жақып