Алматы облысында 30 үй су астында қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір Қосқұдық ауылында еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 30 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір су деңгейі төмендеген.
Қуан Нұрақын