Қызылорда облысында жолды қарғын су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жолды қарғын су шайды

11.03.2024

Қызылорда облысы Арал ауданында қарғын су өндірістік мақсаттағы жолды шайып кетті. Бұл шалғайдағы Қосаман, Ақеспе, Ақбасты елдімекендеріне апаратын төте жол болатын. Күн райының жылынуымен сай-саладан аққан мол су магистралді газ құбырын бақылау үшін салынған өндірістік жолдың бір бөлігін шайып кеткен. Енді Сексеуіл кенті арқылы бірнеше ауылға баратын жол қатынасы үзіліп, елдімекен тұрғындары аудан орталығына Көкарал бөгеті арқылы айналма жолмен қатынайды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу