Шымкент қаласының тұрғыны салықтан 443 миллион теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының тұрғыны салықтан 443 миллион теңге жымқырған

11.03.2024

Шымкент қаласының тұрғыны мемлекет қазынасына түсуі тиіс 443 миллион теңгені жымқырып қалған. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, ол ешқандай қызмет көрсетпестен, жалған шот-фактуралар жасау арқылы пайда тапқан. Алаяқ азаматтың бұл қылмысы сотта дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оның қылмыстық жолмен тапқан 15 миллион теңгеден астам қаржысы мен бағасы 50 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкі тәркіленіп, мемлекет меншігіне берілді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу