Түркияда оқитын қазақстандық студент қыздар арасында волейбол турнирі өтті. Жарысқа Түркияның 17 қаласынан 18 команда, барлығы 500-ден астам шәкірт қатысты. Сайыста Бартын қаласынан барған студент қыздар чемпион болса, Болу және Зонгулдак қалаларының студенттері екінші және үшінші орынды қанағат тұтты. Спорттық шараны/ Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстамбұл мен Анталиядағы Бас консулдықтар бірлесіп ұйымдастырды.
Асылхан Иханбергенова, студент, Бартын қаласы:
Турнир барлығы жоғары деңгейде өтті. Біздің Ыстамбулдағы консулдыққа үлкен алғыс айтамыз. Мен өзім халықаралық сауда-логистика мамандығында оқимын. Спорт менің хоббиім болады. Оны алдағы уақытты дамытқым келеді. Алты командамен ойнадық. Барлығы достойный командалар. Ойын қатты қиын болған жоқ. Барлығы өте керемет өтті.
Нұриддин Аманқұл, Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы:
Осындай турнирді жылда-жылда өткізуді жоспарлап отырмыз. Көріп отырғанымыздай мұндай турнир өте пайдалы. Себебі түрлі қалада оқитын студенттеріміз бірлесіп, ортақ мәселелерді талқылауға, студенттерге білім ғылым саласында және спортты насихаттауға өте жақсы мүмкіндік. Студенттеріміз өте риза. Студенттердің айтуынша шара жоғары деңгейде.