АҚШ-та TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін

12.03.2024

АҚШ-та ел бойынша TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Конгресс арнайы заң жобасын қарауына алды. Депутаттар бұл құжатты бекітсе, әлеуметтік желі иесі қытайлық Байт Данс 165 күн ішіндеTikTok-ты сатуы тиіс.

Олай болмаған жағдайда, қосымша Apple және Google сияқты бағдарламалық дүкендерінен жойылады. Себебі АҚШ үкіметі Қытай әлеуметтік желі арқылы америкалықтардың ақпараттарын ұрлап отыр деп күдіктенеді. Яғни, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді деп санайды.

Ақ үй басшысы Джо Байден Конгресс бекітсе, заң жобасына қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. TikTok – Америкадағы ең танымыл әрі қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік желілердің бірі. Қазіргі таңда 170 миллион қолданушысы бар. Депутаттардың әрекетін сынға алып жатқандар көп. Олар әлеуметтік желі жұмысын шектеу, сөз бостандығын шектеу деп санайды.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу