Семейде бүгін нөсер жауын жауып, қала көшелерін су басты. Әсіресе, жеке секторда жағдай күрделі. Коммуналдық қызмет мамандары қолда бар техниканы түгел жұмылдырса да үлгермей жатыр. Қаладан қар шығару үшін 100 ден астам, ал су соруға 20 ға жуық техника бөлінген. Оған қоса шаһардағы ескі көпірдің жақтауы опырылып құлаған. Қазір жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін ол жерге белгілер қойылды.
Ал биыл шығыс Қазақстан облысындағы тауларда қардың қалыңдығы өткен жылдардан 65-70 пайыз көп. Сондықтан күн райы күрт жылыныса Алтай, Қотанқарағый, Марқакөл, Күршім аудандарын су басу қаупі бар. Ал соңғы 5 тәулікте облыстың оңтүстігі және Өскемен қаласы мен оның маңындағы ауылдарда қар үздіксіз еріп жатыр. Кейбір үйлердің ауласы мен қора- қопсысына су кіре бастады. Қазгидромет мамандарының наурыз айына жасаған болжамы да көңіл көншітпей отыр. Аймақтағы қазіргі ахуалға тілшіміз-Олжас Керейхан шолу жасайды.
Жанас Ескендірұлы, Айыртау ауылының тұрғыны:
Іргетасым отырды. Енді білмейміз. Мынадай жарамсыз болып қалды ма? Көлді міне кешіп жүрміз. Балалар шыға алмайды. Көтеріп шығарып, көтеріп кіргізіп жүрміз. Мынау қайта басылғанны. Алдында тізеден келетін.
Айыртау ауылындағы бірнеше үйдің ауласын су үш күн бұрын басқан. Қазір қора, мен қосалқы үйдің іші көлкіп тұр. Енді жолдың боймен аққан қар суы басқа жаққа жайылып жатыр. Ауыл әкімі жолды салған кезде жобалаудан қателік кеткенін жасырмайды. Дегенмен ауылдағы арық-атыздардың толық ашылғанын айтады.Ал жолдың бойына құбыр жазда салынбақ.
Дархан Төлеуханов, Айыртау ауылдық округінің әкімі:
Бұл жерде трубалар салынбай кеткен. Яғни сметаға кірмей қалған. Жаз уақытында күн жылынығанда бұл жұмыстарды атқарамаыз.
Даладағы жағдайға қарағанда, қаладағы жағдай қиындап барады. Кейбір шағын ауылдарда қарғын су өзен болып жатыр.
Олжас Керейхан, тілші:
Бұл Өскеменнің шетіндегі «Шығыс» ауылы. Тұрғындардың айтуынша шағын ауданда су ағар мүлде жоқ. Сондықтан жыл сайын көктемде қар ерігенде қарғын су автокөлік жолымен өзен болып ағады. Бұл әсіресе мектеп оқушыларына қиын. Мектеп құдды бір өзеннің арғы жағасында қалғандай.
Кейбір оқушылар бірін-бірі арқалап жүр. Енді бірі суды кешіп, жолды кесіп өтуге мәжбүр. Аймақта таулы аудандарда қардың көбесі енді сөгіле бастады.Тасқынған тосқын қою үшін 2334 маман, 735 техника және 61 қайық пен 223 су сорғы құралы дайындалды.
Еркен Сәрсембинов, облыс әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлім басшысы:
Керек қаражат. Заттар. Мотопомпа. Күш. Техника.Бәрі бар. 01.01.11-Енді бар жауапкершілік аудан әкімдеріне жүктелген.
Ауа райын болжау орталығының мамандары наурыз айы құбылмалы болатынан хабарлады. Жауын-шашын да мол болуы мүмкін. Бірақ түнде -10-12 градусқа дейін суық болады.
Олжас Керейхан