«Астана аспаны». Елордалықтар мен қала қонақтары Астана күніне арналған ең ірі шара - батпырауықтар фестивалін тамашалады. Шара осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Есіл жағалауына 15 мыңнан аса адам жиналып, Елорда аспанында қалықтаған түрлі жануарлар мен хайуанаттардың бейнелерін қызықтады.
Келушілер үшін музыкалық ойын-сауық бағдарламалары, түрлі қызықты конкурстар мен викториналар әзірленген. Голландия, Франция, Ұлыбритания мен Германиядан келген мемлекет қайраткерлері де осында. Шоу үш күнге жалғасты.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
Назым ҚАЙРАТ