Мектеп психологтарының атауын өзгертіп, жұмысын күшейту керек. Кәмілетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтары қаралған дөңгелек үстелде, жоғарғы палата депутаттары осылай деді.
Мәселен, Астанадағы мектептердің бірінде жалғыз психолог 1500 балаға көмек беріп жүр. Мұндай жағдай өзге де аймақтарда көптеп кездеседі. Маман тапшылығы сапаны ақсатып тұр. Депутаттар Білім беру ұйымдарындағы тәуекел тобындағы балалармен жұмыс істеу алгоритмі заңмен реттелмеген деп отыр. Арнайы әдістеме де жоқ. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігіне тәуекел тобындағы балалармен жұмыстың әдістемесін әзірлеуді ұсынды.
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Психологтардың уақытылы көмек көрсету, кеңес беру мәселесі түйіткілді болып тұр. Сондықтан қазіргі мектептерде балалардың психологиясының өзгеруі, әлеуметтік желілердің әсері, одан кейін қазір шығып жатқан «Пацаны» деген фильмдердің балаларға кері әсер етуі – бұны біз тек заң жүзінде ғана емес, жалпы қоғамда түсіндіру мәселелерін жүргізу арқылы, одан басқа ата-аналармен, отбасы институтын дамыту керек бізге.
Жандос Темірғали