Өзбекстанда 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды

13.03.2024

Өзбекстанда қатты жел мен жаңбырдан электр желілеріне зақым келіп, 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды. Самарқан мен Жызақ облыстарында қуат көздерін тарататын нысандарда ақау болған. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады. Ташкентте толассыз жауған жауынның салдарынан көшелер көлге айналды. Бұл көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп жолдарда ұзын сонар кептеліс орын алды. Шахардағы қосалқы стансалардың бірінде ақау шығып, Мирабад пен Сіргелі аудандарында 4 мыңға тарта абонент электр жарығынан ажыратылған.

«Арнайы бригада ақауды жоюға кірісті.Қысқа мерзімде жағдай ретке келтіріліп, тұрғындар электр қуатымен қамтамасыз етіледі.Қолайсыздық үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз»,- делінген энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу