АҚШ президенті Джо Байден мен экс-президент Дональд Трамп мемлекет басшылығына үміткер ретінде өз партияларынан қолдау тапты. Осылайша, Америка тарихында соңғы 70 жылға жуық уақытта екі саясаткер алғаш рет сайлау қарсаңында қайта бәсекеге түсіп жатыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, 81 жастағы Байденге президенттікке кандидат ретінда тағайындалу үшін демократтардың 1968 дауысы қажет болған. Ақ үй басшысы бұл санның бәрін жинады.
Арада бірнеше сағат өткенде 77 жастағы Дональд Трамптың республикалықтардан 1215 дауыс алғаны белгілі болды. Бұл қолдау да мемлекет басшылығына ықтимал үміткер болуға жеткілікті. Айта кетсек, Құрама Штаттарда президенттік сайлау биыл қарашаның 5 күні өтеді.
Арыстан Рысбек