АҚШ-та TikTok платформасына тыйым салуға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та TikTok платформасына тыйым салуға қарсы шеру өтті

13.03.2024

АҚШ-та TikTok платформасына тыйым салу мүмкіндігіне қарсы шеру өтті. Оған заң шығарушылар мен осы әлеуметтік желіде контент жасаушылар қатысқан. Қытайдың «БайтДэнс» компаниясына тиесілі TikTok-ты 170 миллиондай америкалық қолданады. Оны алдағы жарты жылда сату туралы заң жобасы Конгресске ұсынылды. Ресми Вашингтон TikTok-ты Қытай үкіметіне америкалықтардың жеке мәліметтерін жібереді деп айыптады. Алайда, бұны жоққа шығарған қарсы жақ, сату туралы ұсынысты тыйымға теңеп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу