Мемлекеттік органдардың жұмысын реттейтін заң қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдардың жұмысын реттейтін заң қаралды

13.03.2024

Мемлекеттік органдар арасында дау туындаса, оны үкімет шешетін болды. Бүгін мәжілісте тиісті заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. «Мәселен, егер бір мемлекеттік орган басқа ведомствоның шешімімен келіспесе, жоғары тұрған органға әкімшілік шағыммен бара алады. Оның шешімімен де келіспеген жағдайда, ол Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы», - деді заң жобасын таныстырған әділет министрі Азамат Есқараев. Бұл заң жобасы мемлекеттік мекемелер мен қарапайым азаматтардың арасындағы қатынасты да реттейді дейді депутаттар.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қарапайым азаматтар қарап отыр оның құқығы бұзылып отырғанын. Салық төлегенде. Ол айтады неге менің салығымды көп алды? Неге мынандай істеп отырсыңдар? Сол үшін әкімшілік неге жазады. Сот шақыртып алады да мемлекеттік органға айтады. Сендер мына актіні неге шығарып отырсыңдар? Неге қарапайым азаматтың құқығын бұзып отырсыңдар деп. Дәлелдеңдер деп. Сол үшін баяғыда қарапайым азаматтар дәлелдесе енді ол мемлекеттік орган дәлелдеуі керек. бәрі өзгеріп кетті. Адамның құқықтары қорғалатын болды. 


Хабарламаларға жазылу