Whatsapp мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Whatsapp мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

13.03.2024

Интернет алаяқтар WhatsApp мессенджерін қолданып жеке деректерге оп-оңай қол жеткізіп жүр. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Олар таныстарыңызға түрлі сылтаулармен қарызға ақша сұрап жатқандай мәтін жібереді. Қауіпсіздік үшін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Ал егер байқамай сілтемені бассаңыз, Параметрлердегі «Құрылғы байланыстыру» деген батырмаға өтіп, байланыстағы құрылғылардың бар-жоғын тексеріңіз. Егер тізімде белгісіз құрылғы анықталса, дереу ол аккаунттан шығып кетуге кеңес береді.


Хабарламаларға жазылу