Мемлекет Басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет Басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

14.03.2024

Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Кездесу барысында құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері баяндалды. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылған. Ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу