Жерорта теңізінің орталық бөлігінде 60 мигрант мінген қайық суға батып кетті деген қауіп Жерорта теңізінің туындап отыр. Мұны SOS қайырымдылық және құтқару тобының өкілдері хабарлады. Олардың сөзінше, қайық Ливиядан Италияға немесе Мальтаға бара жатқанда апатқа ұшыраған.
Жалпы алғанда, 25 адам құтқарылып, қатты әлісреген екі мигрант тікұшақпен Сицилияға жөнелтілді.
Бұл - мигранттар үшін әлемдегі ең қауіпті теңіз жолы. Былтыр онымен «Қарт құрлыққа» аттанған 2600 адам қаза тапқан немесе жоғалып кеткен.
Арыстан Рысбек