Жамбыл облысында аулаларды жер асты суы басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында аулаларды жер асты суы басып қалды

15.03.2024

Жамбылдағы Түрксіб ауылының тұрғындары жер асты суының жиі көтеріле беруінен мезі болған. Елдімекендегі бірнеше үйге су кіріп, көмекке құтқарушылар да келді. Ауласын су басқан ауылдықтар қайықпен жүреміз бе деп қынжылады. Өйткені жыл сайын көшелері көлшікке айналады. Тіпті ауылға келген жедел-жәрдем көлігі лайдан қозғала алмай, тұрып қалды. Тұрғындар әкімдік 15 жыл бойы мәселені шеше алмай отыр деп наразы. Ал жергілікті биліктің айтуынша, жылда тек екі көшені су басады. Бұл жолы жылғалап аққан лайсаң үш аулаға кірген. Ал су соратын құбырларды орнатуға тұрғындар рұқсат бермепті. Енді ауыл әкімі көпшілік келісімін алып, күн жылынысымен іске кіріспек.

Маржан Халықова, ауыл тұрғыны:

Мына Қарамолда көшесі міне қаншама батпақ, тізеден батып жатыр. Балалар биылдыққа сабаққа төртінші рет аяқ киім ауыстырып жатыр. Бұл қашан орын алады, бұл қашан болады? Біз қашанғы жүре береміз уәдеге тойып.

Алға Әбдімүтәліп, Бесағаш ауылдық округінің әкімі:

Баяғыда бұлақ болған, жайылым жер болған. Су асты жері жақын, содан су көп пайда болып жатыр. Жұмыс жүргізетін боламыз енді. Дренаж тартамыз көшеден немесе ауланың артынан.



Хабарламаларға жазылу