Жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек - Президент

15.03.2024

«Ақпараттық технолигиялардың пайдалы жағын ғана алып, зияны жағынан сақ болуымыз керек. Балалар түгілі ата-аналар да, әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес». Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда осылай деді. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта/ мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» - деді.

Ұлттық құрылтай мүшелері президенттің бұл ойын құптап отыр. Қоғам белсенділері, кітап оқитындардың саны азайып кетті, интернетке шамадан тыс тәуелділік азаматтардың лудомания секілді қауіпті дертке шалдығуына себеп болып отыр дейді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Жастардың бәрі интернетте отыр. Азаматтарымыздың қолында әртүрлі телефон. Олар бәс тігеді футбол, түрлі рулеткаларды ойнайды. Міне, ең бірінші осыны тыйуымыз керек. Жарнамаларды тыйымуыз керек.

Сарайшық – төл шежіремізде орны ерек қала

Ұлт болашағын ойлап, жаңа құндылықтар жүйесін құру маңызды. Десе де, тарихымыз бен өткенімізден қол үзбеу керек. Мемлекет басшысы Ұлы жібек жолында орналасқан, Қасым хан жерленген «Сарайышық» қаласының ұлтықшежіресінде/орны ерек деді. Ұлттық құрылтай мүшелері көне шаһарды қалыпқа келтіріп, келер ұрпаққа мұра қылып қалдыру керек деп отыр.

Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Біздің Сарайшықты қайтадан қалыпқа келтіру онша қиын емес. Өйткені ол тарихта жазылған. Ол Марко Полоның жазғандарында Карпинидің жазғандарында бәрінде бар. Сол таризи шығармаларды қарап отырып та қалыпқа келтіруге болады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу