Қуат көзінде тұрған смартфоннан өрт шығу оқиғалары жиілеген. Бұған әлеуметтік желіде тараған видеолар дәлел. Мұндай төтенше жағдайлар ресми тіркелмейді. Дегенмен өрттің алдын алу шаралары қандай? Телефоннан өрт шықса, қалай өшіру керек?
Шырт ұйқыда жатқан оралдық Балмекен таңғы 4-те телефоннан шыққан өрттен оянған. Смартфонын қуат көзіне жалғап, ұйықтаған. Тілсіз жауды өзі өшіріпті. Осылайша бір өлімнен аман қалдым деп отыр.
Балмекен Алтай:
Токтың иісін сездім, сосын оттың дауыстары шыға бастады сытырлаған, көзге де кішкене жарық болды, жайлап ашып қарасам көпшігімнің жанында 1-2 қарасам өртеніп жатыр екен. Ол өрт матрастың ортасына дейін өтті. Аккумлятордан және зарядканың өзінен болды.
Мамандар ұялы телефондағы қосымшаларды қатар пайдаланудан да қауіп бар екенін айтады. Телефонды қуат көзіне жалғамас бұрын, смартфондағы ашық тұрған қосымшалардан шығуға немесе телефонды өшіріп қоюға кеңес береді.
Ержан Рысбаев, Қазақстан электромонтажшылар қауымдастығының мүшесі:
Қуаттаған кезде түпнұсқа қуаттағыштарды пайдаланып, гаджеттерді қуаттаған жөн. Мән беретін жағдайлардың бірі қуаттағышқұралдардың ешқандай зақымсыз болуы. Жаңағы телефон гаджеттері қуаттаған кезде төсек немесе дивандың үстіне қойып қуаттамаған дүрыс. Оларды ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмай, телефоныныз қуаттап болған соң, оны міндетті түрде қуаттағыш құрылғыларды тоқтан алып қою керек.
Қазір әлеуметтік желіде смартфоны көз алдында жанып кеткендердің жариялаған жазбалары көбейді. Ескерту көп. Алайда, мұны елемейтінін азаймай тұр.
Аида Ахметбек, тілші:
Түтіндеп, жалындап жатқан смартфонға шыны мен керамикалық ыдысты жолатпаңыз. Ас содасы мен құм немесе құмырадағы гүлдің топырағын себу арқылы өртті сөндіруге болады. Қалың мата мен жамылғы да отты өшіруге көмектеседі. Алайда, смартфонға су құюдан аулақ болыңыз.
Аида Ахметбек